Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда есірткі заттарды жарнамалайтын 100 астам граффити жазбалар өшірілді

АЛМАТЫ, 11 қыркүйек. Алматыда есірткіні насихаттайтын 100-ден астам трафареттер мен граффити боялды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы басты назар – Алматының Түрксіб ауданының тұрғын алабына аударылды. Аудандық Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының “Қазақстан еріктілер лигасы” ҚҚ еріктілерімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараты бар граффити-жазуларды анықтау мен жоюға бағытталған алдын алу іс-шарасын өткізді.

– Атап айтқанда, тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттардың қабырғаларына есірткінің таралуын насихаттайтын сайттардың жарнамасы бар трафареттер мен граффити боялды. Түрксіб ауданының аумағында барлығы 100-ден астам граффити-жарнамасы боялды. Егер сіз есірткі және психоактивті заттарды сақтау, сату фактілері туралы, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар жайында білетін болсаңыз, анонимді сенім телефонына хабарласа аласыз: 8-705-549-70-25, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *