Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҚО жыл басынан бері заңсыз айналымнан 48 кг 293 грамм есірткі және психотроптық заттар алынды

ОРАЛ, 11 қыркүйек. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 50 жастағы тұрғынынан 2 жарым келі марихуана табылды, деп 24.kz хабарлайды. 

Күдікті «Қарасора» және «Дәрмек» жедел іс-шаралары барысында қолға түскен. Тағы 41 бұта сора өсімдігі сараптамаға жіберілді. Ал Сырым ауданының 31 жастағы тұрғынынан 9 бұта сора және мылтық тәркіленді. Ол бұрын сотталған екен. Екеуі де қамауға алынды.

«Жыл басынан бері өңірде заңсыз есірткі айналымына қатысты 174 құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 21-і есірткі сатуға байланысты болса, 112-сі қылмыстық істер. Заңсыз айналымнан 48 кг 293 грамм есірткі және психотроптық заттар алынды», — деді БҚО ПД бастығының орынбасары Бақыт Ашқаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *