Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда рейд кезінде сауда орталығында тыйым салынған діни кітаптар сатылғаны анықталды

АТЫРАУ, 11 қазан. Атырауда сауда орталығындағы дүңгіршекте тыйым салынған діни кітаптар сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5-7 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның орындалысын бақылау мақсатында сауда орталықтарында рейд өткізді.

Рейдке облыстық дін істері басқармасының өкілдері қатысты.

«Бірлескен рейд кезінде Атырау қаласындағы қайырымдылық мекемелері, мешіттер, «Дина», «Байзар», «Насиха» сауда орталықтарындағы дүңгіршектер тексерілді. Сауда орталығындағы дүңгіршектің бірінде тыйым салынған діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз сатуға қатысты бірнеше заңбұзшылық анықталды. Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымнан 24 дана діни кітапты тәркіледі. Діни кітаптар сараптамаға жіберілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сауда орталығындағы дүңгіршектің иесіне қатысты діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 490-бабының 1.3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *