НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. ФҚҚ Ставрополь өлкесінде «Ислам мемлекеті*» халықаралық лаңкестік ұйымының жақтаушысы дайындап жатқан лаңкестік әрекеттің алдын алды. Бұл туралы Ресей ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Ставрополь өлкесінің көлік инфрақұрылымы объектілерінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдана отырып, резонанстық террористік акт жасауды жоспарлаған Ресей аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының жақтаушысының әрекетіне жол бермеді», — деп хабарлады қоғаммен байланыс орталығы.
Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында жарылғыш заттар және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны дайындау үшін зақымдайтын элементтер тәркіленді. Тергеу органдары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабының 1-бөлігі, 2-бабы, 205-бабы (террористік актіге дайындық), 30-бабының 1-бөлігі, 223.1-бабының 1-бөлігі (жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу амалдары жалғасуда.
Ставрополь соты хабарлағандай, ИМ -нің жақтаушысы қамауға алынды. «Сот оны екі айға қамауға алды», — деді агенттік сұхбаттасушысы.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым