Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазан соты «Нурджулар» ұяшығының жетекшісін 6,5 жылға бас бостандығынан айырды

НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша.Қазан қаласының Еділ аудандық соты Әл-Иман мешітінің бұрынғы имамы, Ресей ислам институтының бұрынғы оқытушысы Ғабдрахман Наумовты «Нурджулар» (Ресейде тыйым салынған) экстремистік бірлестігінің ұяшығын ұйымдастырып, қаржыландырғаны үшін жалпы режимдегі колонияда 6,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы адвокат Руслан Нагиевқа сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

По финансированию ему назначили три года, по организации деятельности ему назначили шесть лет, и путем частичного сложения окончательное наказание было назначено в виде 6,5 года лишения свободы в колонии общего режима», — сказал адвокат.

 «Оған «Нурджулар» экстремистік қоғамдастығын ұйымдастырды және экстремистік әрекетті қаржыландырды деген айып тағылды. Оған қоғамдастықтын қызметін ұйымдастырғаны үшін алты жыл, қаржыландырғаны үшін үш жыл тағайындалды. Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза жалпы режимдегі колонияда 6,5 жыл бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалды», — деді адвокат.

Нагиевтің айтуынша, сот үкімі негізсіз және олар оған шағымданбақ. «Заңға сәйкес, үкім болжамдарға негізделмейді,нақты және объективті дәлелдер болуы керек. Біздің ойымызша, сотта мұндай дәлелдер болған жоқ», — деді Нағиев.

Экс-имамға қатысты қылмыстық іс 2020 жылдың наурыз айында қозғалған, содан бері ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Бұған дейін республиканың ФҚҚБ баспасөз қызметі тергеушілер топ жетекшісі мен оның сыбайластары пайдаланған төрт мекенжайда тінту жүргізгенін хабарлаған. Нәтижесінде экстремистік баспа материалдарының 17 данасы, сондай-ақ топтың қызметі мен құрамы туралы бірнеше материалдар тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *