Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркелді

ТҮРКІСТАН, 11 қараша. Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркелді. Заңсыз айналымнан 5,5 тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 47 адам наркотикалық заттарды сату кезінде ұсталған.

Тағы 23 тұрғын аса ірі көлемде есірткі затын сақтағаны анықталды.

Тәртіп сақшыларымен 36 есірткі контрабандасына тосқауыл қойылып, 60 адам есірткі өсімдігін еккені үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

«300-ден астам граффити жазбалары өшірілген. Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлерімен облыс аумағында орналасқан ойын-сауық орындары мен түнгі клубтарда жастар арасында есірткі заттарын сақтау, сату, тұтыну деректерін анықтау және алдын алу мақсатында 20-ға жуық шұғыл шара ұйымдастырылған» делінген полцияның хабарламасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *