НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы аурухана маңында жарылыс болды, деп Рейтерс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Хабар 24 хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, ғимараттың жанында тұрған таксидің күлі көкке ұшқан. Көлікте отырған бір адам мерт болып, жүргізушісі ауыр жарақат алды. Қазір ауруханада.
Полиция жарылыс террорлық әрекет болуы мүмкін дейді. Оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен 3 адам ұсталды. Олар 29,26 және 21 жастағы азаматтар.