Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстандағы «Хизб-ут-Тахрир» ұяшығын бейтараптандыру туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. 1990 жылдардың басында, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, шетелдік талдаушылар мынадай пікір айтты: исламның агрессивті бағытының Орталық Азияда таралуына Кеңес өкіметінің қаталдығы ғана кедергі болып отырды. Халықтың тұрмыс дәрежесінің кенеттен құлдырауы, идеологиялық вакуум және әлсіз шекаралар радикалдар әсерінің өсуіне қолайлы жағдай жасады. Жас мемлекеттердің діни экстремизмге қарсы тұра алатындығына күдік-күмән келтіріліп жатты, деп ҚР ҰҚК сайты хабарлайды.

Қазақстандық қоғамды діни белгілері бойынша бөлшектегісі келген экстремистік ұйымның бірі «Хизб-ут-Тахрир» болды (ХТ), ал мақсаты бүкіл әлемнің мұсылмандарын біріктіріп, жер бетінде исламдық Халифат орнатуды көздеген ұйым 1953 жылы араб елдерінде пайда болған еді. Өзінің радикалды бағытын сақтаған «партия» ондаған жылдар бойы сын тезінен өте білді. Онымен бетпе-бет келген әлемнің көптеген елдері оны заңсыз деп таныды, әрине, Ұлыбританиядан басқасы, ал бұл елдің астанасында керісінше «Хизб-ут-Тахрирдің» штаб-пәтері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Біздің еліміздегі «хизбиліктердің»  іс-қимылдарының алғашқы белгілері 2000 жылдың аяғында білінді. Оның ұйымдастырушысы және идеялық демеушісі «Абдулла Кари» деген лақап атты Өзбекстан азаматы болды. Ол ХТ қатарына Түркістан мен Кентау тұрғындарын жасырын мүшелікке тартты, одан кейін Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірі тез арада «хизбутшылардың» ықпалына түсті.

Сөйте тұра, олардың іс-әрекет тактикалары қауіпсіздік шараларын тыңғылықты түрде сақтауды көздеді. «Халок» деп аталатын бастауыш ұйымдарының жиындары тек жасырын пәтерлерде ғана өткізіледі. Қатысушылары жіті тексеруге алынады. Мүшелерін идеологиялық жағынан өңдеу үшін экстремистік әдебиет пайдаланылды, оны шетелден алдырып, астыртын баспаханаларында көбейтетін. Насихаттық мәтіндер жергілікті тілдерге аударылды: қазақша, орысша, өзбекше.

Смартфондар шыққанша идеологиялық жұмыстың түрі парақшалар тарату болатын. ХТ идеологиясының көзқарасы бойынша Қазақстандағы қазіргі саяси-әлеуметтік жағдай қарапайым тілде түсіндірілетін, әрине, сыни бағытта екендігі айтпаса да белгілі. Барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерге «дінсіз» билік кінәлі деген біржақты тұжырым жасалды. Барлық мәселенің шешімі ретінде «халифат» құру ұсынылды, мемлекетке қарсы насихаттары америкаға қарсы, семитизмге қарсы ұрандармен үндесіп кететін.

Парақшалар үлкен көлемде мешіттерде, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда таратылатын. Радикалдардың ақпараттық жұмыстары сырттай анайы болып көрінгенімен, өзінің пәрменділігін байқатты және халықтың өте әлсіз тобының көңіл-күйіне айтарлықтай ықпалын етті.

2004 жылдың наурыз айында Өзбекстанда бірқатар ірі терактілер болды, олардың ұйымдастырушылары ретінде Ташкент «хизбутшыларды» кінәлады. Қуғындаудан жасырынып жүрген «партиялықтардың» және «хизбиге» жақтас Өзбекстан Республикасы азаматтарының толқыны өзбек билігінің қысымына шыдамай Қазақстанға ағылды.

 

 

Жедел жағдай аяқ астынан күрделеніп кетті.

Экстремистер батылданып, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізген шерулері мен митингтері қоғамдық пікірге ие болды.

Мұндай акциялардың сыртқы бейбіт сипаты тоғышарларды адастыра түсті. «Хизб-ут-Тахрир» көшбасшыларының күш-қуат жиналған кезде қарулы «жиһад» жасауға дайындалып жатқандықтары туралы деректер Комитетте болды, сондықтан да жағдайдың күрделі екендігін түсінгендіктен қатерді жою бойынша шаралар қабылдады.

Оның ішінде, Алматы, Шымкент, Кентау қалаларындағы бірқатар бастауыш ұйымдарын анықтап, жоюдың сәті түсті. Сондай-ақ 10-нан астам астыртын баспахананың жұмысы тоқтатылып, «хизбидің» 20-дан астам мүшесі сотталды.

Бірақ ХТ қызметін толығымен тоқтату мүмкін болмады.

Аңызда кездесетін жеті басты айдаһар секілді кесілген бастарына қарамастан ХТ қызметі тұрақты түрде қайтадан жанданатын. Оның үстіне эмиссарларының іс-қимылы діни емес аймақ болып саналатын Ақмола (астананы қосқанда), Павлодар және Қарағанды облыстарында тіркелді. Радикалды идеологияның таралу жылдамдығы мен ауқымының артқандығы соншалықты, 2-3 жылдың ішінде Қазақстанның «Хизб-ут-Тахрирдің» діни орталығына айналып кету қаупі шындыққа жанасып та тұрды.

Осындай жағдайды тыңғылықты талдаудың негізінде 2006 жылдың басында 3-департамент (Департамент бастығының орынбасары полковник Т.Б. Белесовтың басшылығымен) ХТ күрес тактикасын айтарлықтай өзгертудің қажеттігі туралы мәселе қойды.

Бастамашының ұсынысы бойынша «хизби» қызметінің жекелеген әрекеттерінің жолын жеке-жеке кесу тәсілінен бас тарту керек.

Оның орнына бір сәтте ұйымның барлық жоғары басшылығын жою ұсынылды: төменгі бастауыш ұйымдағы басшысынан бастап Қазақстан бойынша көшбасшысына дейін. Ұсыныстың түпкі ниетіне сәйкес бір де бір «мосул», «накиб» немес «әмір» жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтындай және «партия» құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алмайтындай болуы керек.

Қызу талқылаудан кейін Комитет басшылығы мұнымен келісті, сондай-ақ маңызды толықтыру қосты: пәрменділігінің ұзақ болуын қамтамасыз ету мақсатында оған Өзбекстан мен Қырғызстандағы әріптестерді қосып, болашақ операцияның шекарасын кеңейту ұсынылды.

Іс-шараның әртүрлі аспектілері 3 ай уақытты қамтып, 2006 жылдың мамыр айында «Трест» деген құпия атаумен басталды.

Міндет күрделі еді, себебі табысты түрде іске асыру үшін берілген ұсыныстар бұрын еш жерде қолданылмаған еді. Жоспарлау және есеп беру жүйесін толығымен өзгертуге және сол кездегі жұмысты сандық көрсеткіштер бойынша бағалайтын жүйеден де бас тартуға тура келді. Полковник Белесов келісуді, бір бағыттылықты және іс-шараның мамандануын қамтамасыз ететін бірегей жедел ой-ниет іс-шарасын дайындауды ұсынды.

Қазақстан аймақтарында ғана емес, сонымен бірге шетелде де жұмыс істейтін айтарлықтай саны бар бөлімшелердің іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету ерекше күрделі болды. Күш-жігерді үйлестіру көбінесе Т. Белесовтің басшылығындағы 3-департаменттің жедел тобының есебінен атқарылды, ал олар Қазақстан астанасы мен Ташкент, Бішкек, Ош қалаларының арасын жол қылды.

Операцияға қатысушылардың ауқымды жұмысы өз нәтижесін берді.

Бірінші кезең іс жүзінде дайын болды. Бірнеше айдың ішінде ХТ-ның негізгі функционерлері мен белсенділерін жедел бақылауға алу міндеті орындалды: бастауыш ұйымдардың жұмыс істеу механизмі және әдебиетті жеткізу бағыттары белгілі болды. Басты міндет курьерлерге бөлінді, бастауыш ұйымдардың жиыны өтетін орындарға аудио-бейнебақылау құралдары секілді техникалық құрал-жабдықтар орнатылды.

Қорытынды кезеңге дайындық ойдағыдай болды. ХТ әрбір мүшесін ұстау үшін жеке топ құру ұйғарылды, оның құрамына іс-шараны дайындаған жедел қызметкерлер, тергеушілер, сыртқы бақылау, техникалық, арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері кірді. Әрбір атқаратын жұмысының тізімін, баяндаудың тәртібі мен түрін нақты білді.

Ұйымның басшылары мен мүшелерінің заңға қайшы әрекеттері туралы толық картина алынғаннан кейін операцияның екінші кезеңіне кірісу туралы бұйрық берілді.

2006 жылғы 7 желтоқсанда таң алакеуім кезде ҰҚК жедел топтары Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Тараз, Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Кентау және Сарыағаш қалаларында операцияның белсенді фазасын жүзеге асыруға кірісті.

Бірнеше айға созылған арнаулы қызметтің тынымсыз жұмысы өз нәтижесін берді: «Хизб-ут-Тахрирдің» 73 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары бір мезгілде ұсталды.

Қырғызстандық әріптестермен бірге Ош қаласында ұйымның Орталық Азия бойынша ақпараттық орталығының басшысы Өзбекстан азаматы О. Муминов пен партияның аймақ бойынша көшбасшысы Қырғызстан азаматы М. Мамасадықов ұсталды.

«Трест» операциясының ең басты мақсаты – «Хизб-ут-Тахрирдің» Қазақстандағы экстремистік жасырын ұйымдарының көзін жою шарасы ойдағыдай аяқталды.

Тергеу нәтижесінде ұсталған 73 адамның 24-і экстремистік ұйымға қатысқаны үшін, тағы 15 адам діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қалған адамдарды партияның мүшелігінен шығару бойынша іс-шаралар кешенін атқару ұйғарылды.

ҰҚК ұйымдастырған мұндай пәрменді соққы діни радикалдар үшін көп жылдар бойы ескерту әсерін берді. Ұйым қаншама тырысқанымен Қазақстандағы өздерінің ықпалын қайта қалпына келтіре алмады.

Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұру бойынша жедел қызметте қазіргі уақытқа дейін «Трест» операциясының баға жетпес тәжірибесінің қолданылып жүргендігін атап өту қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *