НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Үндістанда 20 қараша күні таңертең теміржолдағы жарылыс салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.
Оқиға сенбі күні таңертең Дханбад ауданында болған.
Үндістан темір жолы шахтаның жарылыс орын алды деп мәлімдеді. Салдарынан темір жолға да зақым келген. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Теміржол басшылығының айтуынша, оқиғаға маошыл содырларының қатысы болуы мүмкін.
Үндістанда көбінесе наксалиттер деп аталатын маошылар маоизм мен марксизм-ленинизмнің өзіндік нұсқасын насихаттайды және қазіргі уақытта Үндістанның 28 штатының 14-інде белсенді. Наксалиттер кедей шаруаларды «капиталистік езгіден» босатуды көздейтінін мәлімдеп, көбінесе жергілікті халықтың қолдауына ие болады.