Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қару-жарақ пен шетел валютасы: Жамбыл облысында 139 адам ұсталды

ТАРАЗ, 09 қаңтар. Жамбыл облысында күш құрылымдары тергеу шаралары барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, — деп   «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Бұл қарудың бәрі Тараз бен жақын маңдағы елді мекендерде террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер жасауға арналған. Жамбыл облыстық комедантурасының хабарына қарағанда, өңірде 139 адам ұсталған. Сонымен қатар, ұсталғандарда доллар мен қырғыз сомы болған. Осы қаражат арқылы олар студенттер мен қалтасын қампайтқысы келген жастарға заңсыз әрекет жасауға тапсырыс бермек болғаны айтылады.

Штабтағылардың айтуынша, тәртіпсіздіктерге қатысуға келісім бергендерге алкоголь мен есірткі заты берілген.

Еске салайық, өңірде 29 блокбекет қойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *