Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыдағы блок бекеттер әлі алынбады

АЛМАТЫ, 24 қаңтар. Алматыда төтенше жағдай режимі алынып тасталса да, қалаға кіреберісте орнатылған блок бекеттер жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебі террористік қауіптің «қызыл» деңгейі әлі де сақталып тұр.

Алматы қаласының периметрі бойынша ашылған бес стационарлық блок бекет 8 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Оларға полиция қызметкерлерімен бірге Қарулы күштердің 170-тен астам әскери қызметшісі кезекшілік етеді, сондай-ақ жауынгерлік техника орнатылды. Олар автомобильдерді іріктеп тексереді.

Блок бекеттер «Гүлдала» кентінде, Думан шағын ауданында, Жандосов және Карьерная көшелерінің қиылысында, Қапшағай трассасында және Райымбек даңғылында «Алтынорда» базары ауданында орнатылған.

Ведомствода құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың талаптары мен өтінішін орындауды сұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *