Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерия армиясының әуе шабуылында 12 бейбіт адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан.Нигерия армиясының әуе шабуылында 12 бейбіт адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың 4-інің балалар екені баса айтылды, деп TRT  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Нигерия армиясының солтүстік көршісі Нигер шекарадағы қарулы топтарға бағытталған әуе шабуылында абайсызда 12 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны хабарланды.

«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы жасаған мәлімдемеде Нигердің Мадароунфа аймағындағы бір ауылға әуе шабуылы жасалғаны білдірілді.

Нигерия армиясы жасаған және қарулы топтар нысанаға алынған әуе шабуылында 12 бейбіт тұрғынның абайсызда қаза тапқаны және 16 азаматтың жараланғаны атап көрсетілді.

Қайтыс болғандардың 4-інің балалар екені баса айтылды.

Нигерия армиясы Нигермен шекарада орналасқан Катсина, Сокото және Замфара уәлаяттарында шабуылдар жасаған қарулы топтарды нысанаға алуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *