Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Йакын Инкар» жақтастарына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. «Йакын Инкар»  (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымының жақтастарына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды,  — деп ҰҚК-нің Tengrinews.kz агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1, 2-бөліктері («Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу») және 259 бабының 1-бөлігі («Террористік немесе экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту немесе даярлау немесе қаруландыру») бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

ҰҚК мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Қазақстанның жеті азаматы ұсталды , оларға қатысты сот «қамау» бұлтартпау шарасына санкция берді.

«Бұл ретте қаңтар дағдарысы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ведомствоаралық жедел-тергеу тобының үйлестіруші рөлімен жүзеге асырылуда, басқа ақпарат алу үшін ҚР Бас прокуратурасына хабарласу ұсынылады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандардың арасында «Йакын Инкар» радикалды ұйымын жақтаушылар да бар . Бұл экстремистік ұйымның аты «Хабар» телеарнасының деректі фильмінде жарияланды.

«Йакын Инкар» ұйымы 2018 жылы экстремистік деп танылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *