Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Самарқанд облысында «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының жақтастары ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. Самарқанд облысында «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»* халықаралық террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен жергілікті сегіз тұрғын ұсталды, деп жазады Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Болжам бойынша, бұл азаматтар әлеуметтік желіде «Хизб ут-Тахрир» * террористік ұйымының материалдарын басқа пайдаланушыларға таратқан топ құрған. Бұл туралы республиканың Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, топ жетекшісі «Хизб ут-Тахрир» идеологиялық жетекшілерінің бірі, Қырғызстан азаматымен әлеуметтік желілер арқылы байланыста болып, нұсқау алған. Шара барысында ұсталғандардан олардың заңсыз әрекеттеріне қатысты айғақты заттар тәркіленді.

Тиісті баптар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ислам азаттық партиясы» («Хизб ут-Тахрир әл-Ислами») әлемнің бірқатар елдерінде ол террористік деп танылған.

Ұйымның мақсаты – «Дүниежүзілік Ислам халифатын» құру арқылы мұсылман емес үкіметтерді жою және әлемдік ауқымда исламдық басқаруды орнату.

Сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами»* мүшелері Ресейдің әртүрлі аймақтарында, негізінен Орталық Ресейдің ірі қалаларында, Еділ бойы мен Сібірде, сондай-ақ Қырымда ұсталған.

* «Ислам азаттық партиясы» («Хизб ут-Тахрир әл-Ислами») – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *