Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Новосібірде сот ғимараттарын «миналаған» жергілікті тұрғынды сот қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Новосібір теміржол аудандық соты жоспарланып жатқан  лаңкестік әрекет туралы көрінеу жалған хабар берді деп айыпталған жергілікті тұрғынды қамауға алу туралы шешім шығарды. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам ағымдағы жылдың 27 наурызына дейін қамауға алынды, деп RG сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 27 қаңтарында «112» жедел желі телефонына Новосібір азаматы қоңырау шалып, операторға Теміржол аудандық соты мен Новосібір облыстық сотының ғимараттарына жарылғыш құрылғылар қойылғанын хабарлаған. Көрсетілген мекенжайларға дереу арнайы қызметтер жетіп, ғимараттарда болған адамдар эвакуацияланды.

Тексеру көрсеткендей, жарылғыш құрылғылар ізі жоқ, хаабарлама жалған болып шықты. Өз іс-әрекетімен ол полиция күштерін алаңдатып, құқық қорғау органдарының қалыпты жұмыс ырғағын бұзды.Енді ол кемінде бір ай төрт күнді тергеу изоляторында өткізуі керек. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *