Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы фестивальда жарыс салдарынан 5 полицей қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз.Президент Ариф Альви фестивальге қатысқаннан бірнеше сағат өткеннен кейін жарылыс болды, деп  TRT  агенттігі хабарлайды. 

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында қауіпсіздік күштері операцияда 7 шабуылшыны залалсыздандырды.

Пәкістан армиясынан жасалған мәлімдемеде Белуджистан уәлаятының Турбат аймағында шабуылшылардың жасырынғаны хабарына орай аймаққа операция ұйымдастырылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде қақтығыста 7 шабуылшының залалсыздандырылғаны және көптеген қару-жарақ қолға түскені жеткізілді.

Шабуылшының қайсы ұйымға қарасты екені айтылмады.

Сонымен бірге Белуджистан уәлаятындағы бір фестиваль алаңында бомбаның жарылуы салдарынан 5 полиция қаза тапты, 28 кісі жараланды.

Жергілікті хабарға қарағанда Сиби аймағында жылда бір мәрте өтетін фестиваль кезінде бомба жарылғаны білдірілді.

Шабуылды ешкім мойнына алмады.

Белуджистан премьер-министрі Абдул Куддус Бизенджо шабуылды айыптап, мұны фестивальді және бейбітшілікті бұзу үшін жасалған әрекет деп бағаландырды.

Президент Ариф Альви фестивальге қатысқаннан бірнеше сағат өткеннен кейін жарылыс болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *