НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Мәскеудің Пресненск соты «Ислам мемлекеті»* лаңкестік тобының қызметіне қатысты деп айыпталған ресейлік азаматша Наталья Ткачеваны бір айға тергеу изоляторына қамады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қамауға алынғанға әйелге тағы бір террористік бап — қарулы құрылымға қатысу бойынша айып тағылды.
«Мәскеу қаласының Пресненск аудандық сотының шешімімен, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 208-бабының 2-бөлігінде («Федералдық заңда көзделмеген қарулы құрамаға қатысу, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында осы мемлекеттің заңнамасында көзделмеген, Ресей Федерациясының мүдделеріне қайшы қарулы құралымға қатысу) және Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-бөлігінде («Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес террористік деп танылған ұйымның қызметіне қатысу») көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған Наталья Николаевна Ткачеваға қатысты 16 сәуірге дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді, соттың баспасөз хатшысы Лела Кокая.
Хатшы Мәскеу бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының тергеушісі сотта Ткачеваны қамауға алуды сұрағанын атап өтті.
Аудандық сотта басқа мәліметтер берілген жоқ.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым