НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сенбі күні Ирактың солтүстігіндегі Киркук провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ)* экстремистік тобы содырларының шабуылынан «Әл-Хашд аш-Шааби» әскерилендірілген тобының бір мүшесі мен бір ауыл тұрғыны қаза тауып, тағы төрт ауыл тұрғыны жараланды., деп жергілікті полициядағы дереккөз мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті полиция майоры Аббас әл-Обайди Синьхуа агенттігіне хабарлауынша, шабуыл ИМ содырлары Бағдадтан солтүстікке қарай 250 шақырым жерде орналасқан әл-Рашад қаласына жақын маңдағы ауылға оқ жаудырған кезде кешкі уақытта болды.
А.әл-Обайдидің айтуынша, ауылдағы «Әл-Хашд әш-Шааби» әскерилендірілген тобының мүшелері қарулы тұрғындармен бірігіп, шабуылшыларға қарсы шыққан.
Ол шабуыл жасағандар арасында зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ екенін айтты.
Соңғы бірнеше айда Ирак қауіпсіздік күштері ИМ содырларының қайта жанданған әрекеттерін ауыздықтау үшін оларға қанды шабуылдар жасады.
Еске салайық, 2017 жылдың соңында Иракт ИМ лаңкестік тобын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жеңіп шыққаны туралы жариялады. Бірақ экстремистер әлі күнге дейін елдің кейбір аудандарына шабуыл жасайды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым