Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-тағы экстремистердің кем дегенде 25%-ы әскери дайындықтан өткен

АСТАНА, 16 қараша. Америка Құрама Штаттарында саяси зорлық-зомбылық күшейіп жатқан тұста, ең алаңдатарлық фактілердің бірі – экстремистік ағымдарды ұстанушылар арасында әскери ардагерлер, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айтарлықтай үлесті құрайтыны, деп New York Times газеті жазады.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.

Экстремистік әскерилендірілген топтар мүшелерінің кем дегенде 25 пайызы  әскери дайындықтан өткен. Бұл «экстремистік топтардың өз қатарына тарту кезінде халықтың осы топ адамдарына дағдыларына қарай басымдық беретіндігімен  байланысты», — деп түсіндірді басылым бағалау нәтижелеріне сілтеме жасап.

6 қаңтардағы шабуылдарға қатысы бар деген айыппен қамауға алынған 900-ден астам адамның 135-інің әскери немесе құқық қорғау саласында тәжірибесі бар екені атап өтілді.

Ондаған жылдар бойы полиция департаменттері, Пентагон және Ардагерлер істері жөніндегі министрлік бұл мәселеден хабардар болды, бірақ олар өз қатарларынан экстремистерді жоюда аз ғана жетістіктерге жетті, деп жазады газет.

Басылым сондай-ақ соғыстардың аяқталуы мен осы соғыстардан түңілген ардагерлердің отанына оралуы көбінесе экстремизмнің өршуімен қатар жүретінін баса айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *