Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ ФҚҚ Ставрополь өлкесінде лаңкестік әрекеттің алдын алды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Ставрополь өлкесінде ФҚҚ Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ)* халықаралық лаңкестік ұйымының қолдаушысы дайындаған лаңкестік әрекеттің алдын алды, деп ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

 «Федералдық қауіпсіздік қызметі Ставрополь өлкесінің аумағында лаңкестік әрекеттің алдын алды. Ставрополь қаласында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының қолдаушысының әрекеті анықталды, ол шетелдік эмиссарлардың нұсқауы бойынша облыстың көлік инфрақұрылы нысандарының бірінде лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған», — деп атап өтті ФҚҚ. Күдікті өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыруға дайындық үстінде ұсталды.

Одан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жасау үшін сатып алған жарылғыш заттар мен зақымдайтын элементтер тәркіленді.

 «Тергеу іс — әрекеттері барысында ұсталған адам айып тағылған қылмыстардың мән-жайын мойындады», — деп атап өтті ФҚҚ.

Жауап алу кезінде ұсталған азамат 2018 жылы ислам дінін қабылдап, кейін ДАИШ-ке қызығушылық танытып, кейін ұйымның қатарына қосылғанын айтқан. «Мен Ставропольде теракт жасауды жоспарладым», — деді ол.

 

Тергеу органдары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 бабының 1-бөлігі, 205-бабының 2-бөлігінде («Террористік әрекетке дайындық») көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *