Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын

 НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылман қауымы асыға күткен басты мерекелердің бірі – Құрбан айт мерекесімен құттықтайды.

Бұл адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Құрбан айт мейрамы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырып, қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.Мереке шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы болып табылады.

Осы берекелі күндердегі ниеттеріңіз бен дұғаларыңыз, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбітшілік, амандық пен игі істерде сәттілік тілейміз.

Әрқашан күндеріміз берекелі болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *