НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстігінде «Касад» автокөліктері мен бекіністеріне жасалған бірнеше шабуылдың нәтижесінде американдық оккупациямен байланысы бар топ содырлары қаза тауып, жараланды, деп «SANA» агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Белгісіз біреулер Дейр-эз-Зордың солтүстігіндегі Ас-Саджар ауылындағы «Касад» тобының әскери бекінісіне автомат пен тасымалданатын зениттік зымыран кешенің қолданып қарулы шабуыл жасады. Келіп түскен ақпарат бойынша, қаза тапқандар мен жараланғандар бар», — деп хабарлады жергілікті ақпарат көздері.
Сондай-ақ провинцияның солтүстігіндегі Ғариб Аш-Шарқия ауылында белгісіз біреулер «Касад» содырларының әскери көлігіне автоматтан оқ жаудырғаны хабарланды. Біреуі қаза тауып, екі сарбаз жараланды.
Осы оқиғаға бірнеше сағат бұрын белгісіз біреулер Әл-Азба ауылының маңында «Касад» әскери көлігі аңдып жүріп, жарып жіберген. Бір «касадшы» қаза тауып, екіншісі жараланды.