Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Вьетнам терроризмге қарсы күресте БҰҰ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Вьетнам терроризмге қарсы күресте БҰҰ және әлем елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы Вьетнамның қоғамдық қауіпсіздік министрі То Лам Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның терроризмге қарсы басқармасының басшысы Владимир Воронковпен кездесуінде айтты, деп VIA Вьетнам ақпарат агенттігі  хабарлайды, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

То Лам БҰҰ халықаралық күш-жігерді үйлестіру мен байланыстыруда, лаңкестік қаупі мен оның таралуына қарсы тұру үшін жаһандық әлеуетті құру мақсатында қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен қырағылықты арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

 «Біз БҰҰ -ның жалпы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, атап айтқанда Вьетнамдағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу және оған қарсы күрестегі қолдауын жоғары бағалаймыз», — деді министр. Ол көпжақтылықты ілгерілету, сондай-ақ лаңкестік қауіпке қарсы аймақтық және халықаралық ынтымақтастық тетіктерін, оның ішінде БҰҰ-ның іс-қимыл тетіктерін нығайту және тиімділігін арттырудағы ынтымақтастықтың өзектілігіне назар аударды.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіне БҰҰ трансұлттық қылмыспен, терроризммен және экстремизммен күрес жөніндегі бағдарламалары мен бастамаларын жүзеге асырудағы белсенді және жауапты ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Ол министрліктің БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуын тіледі.

Тараптар халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке елеулі қатер төндіретін лаңкестік қаупі жаһандық ауқымда өсіп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды VIA.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *