Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Қырғызстанның күш қызметтері арнайы операция барысында 1,8 млн. доллар болатын есірткі тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Қырғызстан ІІМ Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметі мен Қазақстанның күш құрылымдарының қызметкерлері бірлесіп Орталық Азияға синтетикалық есірткі тасымалдау және оны интернет арқылы сатумен айналысқандардың тұрақты желісін анықтады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Қырғызстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін анықтау және қолға түсіру бойынша арнайы операция 2021 жылдың қарашасынан бері дайындалғанын және осы жылдың сәуірінде аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Небәрі жарты жылға созылған дайындық жұмыстары кезінде құқық қорғаушылар заңсыз бизнеске қатысы бар жеті адамды анықтады. Олардың үшеу Қырғызстан тумасы және тұрғыны, ал қалған төртеуі қазақстандық азамат екені анықталды.
Арнайы операция кеезінде екі есірткі зертханасы жойылды. Зертханалардан жалпы салмағы 31 килограмм 265 грамм есірткі заты, оның ішінде, 25,5 килограмм синтетикалық еесірткі: 19,5 килограмм «Альфа PVP», 6 килограмм мефедрон, 5 – гашиш пен 765 грамм марихуана тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткінің заңсыз сауда нарығындағы жалпы бағасы 1,8 миллион доллардан асады.
Қазіргі уақытта екі елдің күш құрылымдарының өкілдері тергеуді жалғастырып жатыр. Сондықтан тергеу барысында қылмыстық іске қатысы бар азаматтардың саны артуы ықтимал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *