Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактық қауіпсіздік күштері ИМ-нің 5 содырының көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Жексенбі күні ел астанасы Бағдадтың солтүстігіндегі ауылдық жерде Ирак қарулы күштері «Ислам мемлекеті» (ИМ)* ұйымының бес содырын өлтірді, деп әскерилерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Салах ад-Дин провинциясының батысындағы Тартар көлінің солтүстігіндегі көпірдің жанында жүк көлігіндегі  ИМ-нің екі содыры өлтірілді, деп Бірлескен жедел қолбасшылығының (БЖҚ) мәлімдемесінде айтылған.

БЖҚ мәліметінше, жүк көлігін жоюға әскери ұшақ жіберілген. Екі әуе шабуылынан кейін ұшақ сол аймақта жарылғыш заттар тиелген көлікке қосымша соққы жасап, ИМ-нің тағы бір жауынгерін өлтірді.

БЖҚ жеке мәлімдемесінде тікұшақтардың қолдауымен әскери күштер әуе шабуылы болған жерге жөнелтіліп, жарылғыш белбеу киген ИМ-нің екі содыры өлтірілгені айттылған.

Ирак күштері ИМ содырларының үйі мен көлігін, сондай-ақ көп мөлшерде жарылғыш зат табылған жақын маңдағы туннельді қиратты, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ирак қауіпсіздік күштері Найнава, Анбар, Дияла және Киркук провинцияларында ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен 21 содырды ұстады», — делінген БЖҚ үшінші мәлімдемесінде.

Соңғы бірнеше айда Ирак қауіпсіздік күштері экстремистік содырлардың күшейген белсенділігін тоқтату мақсатында оларға қарсы операция жасауда.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *