Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның Дараа провинциясында мина жарылысынан үш бала зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр.Дараа провинциясының солтүстігіндегі Энхель қаласында лаңкестік ұйымдар қалдырған минаның жарылысынан үш бала зардап шекті, деп «SANA» агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Дараадағы SANA тілшісінің хабарлауынша, Энхельде содырлар қалдырған мина жарылып, үш бала жараланған, олардың біреуі ауыр жарақат алды.

Еске салайық, 21 мамырда Хама провинциясында лаңкестер қалдырған екі минаның жарылысы салдарынан үш бейбіт тұрғын, оның ішінде бір бала зардап шеккені хабарланған болатын .

Хама қаласының солтүстігіндегі Суран ауылында минаның детонациялау салдарынан жарылыс болды. Оқиға балалар ойнап жүрген жерде болған. Нәтижесінде ұл бала жарақат алып, Хама ұлттық ауруханасына жеткізілді.

Саламияға жақын Тель-Сальма ауылында тағы бір жарылыс болып, екі адам зардап шекті. Олар Саламия ұлттық ауруханасына жатқызылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *