Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-та 2021 жылы жаппай кісі ату оқиғаларының өсуі тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Өткен жылы АҚШ-та адам көп жиналатын орындардағы атыс саны 2020 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға өсті, деп ФТБ мәлімдеді.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ведомтсвоның  таратқан баяндамасына сәйкес, ФТБ барлығы «белсенді атыс оқиғалары» санатына 61 оқиғаны жатқызды. Бұл терминге ФТБ атыс қаруымен қаруланған «бір немесе бірнеше адам» көпшілік жиналған жерлерде «адамдарды өлтіретін немесе өлтіруге әрекеттенетін» оқиғаларды жатқызды. «2017-2021 жылдар аралығындағы деректер <…> өсу үрдісін көрсетеді. 2021 жылы анықталған оқиғалардың саны <…> 2020 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға және 2017 жылмен салыстырғанда 96,8%-ға өсті», — делінген құжатта.

2021 жылы қаза болғандар (103) және зардап шеккендер (140) 2020 жылмен салыстырғанда 48%-ға өсті. Сонымен қатар, өткен жылы өлім саны соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

ФТБ өткен жылы тіркеген оқиғалардың әрқайсысында бір атқыш болды. Олардың ең кішісі қылмыс жасаған кезде 12 жаста болса, үлкені 67 жаста болған. «61 оқиғаның 12-сі жаппай кісі өлтіру критерийлеріне сәйкес келеді (үш немесе одан да көп адамның өлімі)», — деді ФТБ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *