Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әлеуметтік желіде терроризмге шақырғаны үшін Красноярск тұрғыны  ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Красноярск өлкесіндегі ФҚҚ қызметкерлері мемлекеттік мекемеде теракт жасауға шақырған ер адамды ұстады,   деп Newslab.ru интернет газетіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Интернетте экстремистік және террористік әрекеттердің таралуына қарсы күрес аясында 35 жастағы ер адамның әрекеті тоқтатылды. Ведомствоның хабарлауынша, ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі қоғамдық ақпараттық қауымдастықтарда лаңкестік әрекетке шақыратын пікірлер қалдырған.

Ер адам қамауға алынды. ФҚҚБ материалдарына сәйкес, Красноярск өлкесі мен Хакасия Республикасы бойынша Ресей БТБ ТК аса маңызды істерді тергеу жөніндегі екінші тергеу басқармасы ер адамға қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2 бабаның 2-бөлігі (террорлық әрекетке жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаскүнем 300 мың рубльден миллионға дейінгі айыппұлмен немесе 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *