НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. АҚШ әскери сарапшылары мен мекемелері орналасқан Ирактың батысындағы Анбар провинциясындағы авиабазаның периметрінен тыс жерге дүйсенбі күні үш зымыран құлады, деп Ирак армиясындағы дереккөз хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Олардың айтуынша, ел астанасы Бағдадтан солтүстік-батысқа қарай 190 шақырымдай жерде Ал-Бағдади қаласының маңындағы Айн әл-Асад авиабазасының маңына кешкі уақытта үш зымыран құлаған. Зардап шеккендер жоқ.
Атыстан кейін Ирак қауіпсіздік күштері зымыран қондырғыларын Бағдадтан солтүстік-батысқа қарай 210 шақырымдай жерде орналасқан Хадита қаласының сыртында орналасқанын анықтады.
Шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ. АҚШ әскери кеңесшілері орналасқан Ирак әскери базалары, сондай-ақ Бағдадтағы АҚШ елшілігі жиі бақылаусыз содырлардың шабуылдары мен атқылауының нысанасына айналады.
Өткен жылдың 29 желтоқсанында Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми АҚШ бастаған халықаралық коалицияның жауынгерлік миссияларының аяқталғанын хабарлады.