Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Буффалодағы жаппай атыс американдық қоғамдағы жүйелі, ұрпақтық нәсілшілдікті әшкерелейді

НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Нью-Йорк штатының Буффало қаласында екі апта бұрын болған жан түршігерлік жаппай атыс жергілікті тұрғындарды нәсілшілдік қала үшін жаңа оқиға болмаған деген қатал шындықпен бетпе-бет келуге мәжбүр етті. Бұл туралы жергілікті БАҚ -қа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Буффало үкіметі бұл жан түршігерлік шабуылды қала үшін жаңа әрекет деп санап, шабуыл жасау үшін  қылмыскер жүздеген шақырым  жол жүргенін көрсетіп бар күшін салғанымен, жергілікті тұрғындар нәсілшілдік олардың өмірінде бұрыннан болған нәрсе екенін анық біледі,деп дүйсенбіде өз сайтында жарияланған мақалада Buffalo News газеті жазады.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, өткен айда 18 жастағы ақ нәсілді жігіт жергілікті супермаркетте 10 адамды атып өлтіріп, үшеуін жаралаған. Атыс құрбандарының арасында 11 афроамерикалық бар.

Бұл өшпенділік қылмысының артында ондаған жылдар бойы жүргізілген нәсілшілдік саясат, оқиғалар және «кездейсоқ зорлық-зомбылық» жатыр, делінген мақалада.

«Муниципалды және федералды билік соңғы жылдары бұл жерде өшпенділікке негізделген ондаған қылмыстар тіркелгенін мәлімдейді, дегенмен зерттеушілер мұндай оқиғалар туралы  өте аз хабарланатынын ескертеді», — делінген мақалада.

«Қала өзінің нәсілшілдік мұрасымен санасуы керек», — дейді мақала авторлары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *