Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шымкентте есірткі жарнамалайтын 22 граффити-сурет жойылды

ШЫМКЕНТ, 03 маусым. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандарымен бірігіп “Есірткіге жол жоқ!’’ акциясын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында сала мамандары мен еріктілер Абай ауданындағы 1 Мамыр және Добролюбов, Матросов атындағы көшелердің бойында орналасқан тұрғын-үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелердегі есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамасы бар 22 граффити-суреттерді өшірді.

Көптеген адамды әлеуметтік желілерде есірткі курьерімен жұмыс істеу туралы ұсыныстар түссе немесе айналасындағылардың біреуі заңсыз әрекетке қатысса, не істеу керектігі қызықтырады.

Мұндай фактілер туралы хабарлау қажет, өйткені дұрыс және уақытылы әрекет ету біреудің өмірін құтқара алады.

Сондықтан полицейлер есірткі граффиттерінің ісіне куә болған шымкенттіктерді селқостық танытпай, әрбір жайт бойынша тез арада 102 арнасы арқылы хабарлауды сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *