НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Чехияда терроризм, экстремизм және киберқылмыспен күресетін арнайы полиция бөлімшесі құрылуда, деп ČTK ақпараттық агенттігі хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хазады.
Арнайы бөлімше 2023 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. Онда 150 қызметкер жұмыс істейтін болады.
Агенттіктің хабарлауынша, штаттың басым бөлігі қазіргі уақытта полицияның ең ірі құрылымдарының бірі болып табылатын Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес ұлттық орталығында жұмыс істейтін сарапшылар болады.