НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. БРИКС елдері био және химиялық терроризмге қарсы халықаралық конвенция бойынша көпжақты келіссөздерді тезірек бастауға шақырады, БРИКС 14-ші саммитінің Бейжің декларациясының мәтіні Кремль сайтында жарияланған. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Біз БҰҰ аясында халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы жан-жақты қамтылған конвенцияны тез арада аяқтауға және қабылдауға, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференция шеңберінде химиялық және биологиялық терроризм актілеріне қарсы күрес туралы халықаралық конвенция бойынша көпжақты келіссөздерді іске қосуға шақырамыз», — делінген декларацияда.