Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Содырлар Нигерия астанасындағы түрмесіне шабуыл жасап, 500-ге жуық тұтқынды босатты

НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Сейсенбі күні белгісіз содырлардың Нигерияның астанасы Абуджа қаласындағы түрмеге шабуылы кезінде 443 тұтқын қашып кетті, тағы төртеуі қаза болды. Бұл туралы Нигерия түзеу қызметінің ресми өкілі Абубакар Умарға сілтеме жасап DKNews жазады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.

16 тұтқын мен үш күзетші жарақат алды, деп қосты ол. Шабуылға дейін түрмеде 994 сотталған болды, 551 адам әлі қамауда.

«Барлығы 443 адам қашып кетті. Қашқан тұтқындардың барлығын ұстау бойынша шаралар жалғасуда», — деді А.Умар.

Бұған дейін Нигерия Ішкі істер министрлігінің тұрақты хатшысы Шуайбу Белгоре «Боко Харам» экстремистік тобының содырларының шабуылы кезінде 600-ге жуық тұтқын қашып кеткенін, бірақ олардың жартысы кейін ұсталғанын мәлімдеген.

«Біз олардың «Боко Харам» лаңкестері екенін біліп отырмыз және олар өздерінің сыбайластарын босату  үшін арнайы келген. Олардың көпшілігі (түрмеге) қайтарылды, кейбірі орманда, жасырынған жерлерінен табылды», — деді ол журналистерге түрмеге барған кезде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *