Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК ағымдағы жылдың маусым айында  120 келіден астам есірткі затын тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде.Есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі қауіптерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асыруда, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында ҰҚК 21 есірткіге қарсы операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді.

Есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 кг есірткі, оның ішінде 61,8 кг синтетикалық есірткі (206 мың «бір реттік дозаға» баламалы)6 кг марихуана, 52,7 кг гашиш тәркіленді. Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды.

Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы «қара нарықта» 1.3 млрд. теңгеден астам бағаланады.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *