Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ярославль облысында терроризмді қаржыландырды деген күдікпен ер адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде. ФҚҚ қызметкерлері Ярославль облысында лаңкестік ұйымның мүшесіне ірі көлемде ақша аударған ер адамды ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, деп Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің аймақтағы баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 «Ярославль облысы бойынша Ресей ФҚҚ Орталық Азия республикаларының бірінің тумасы Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»*  халықаралық террористік ұйымының құрылымына кіретін «Джамаат Таухид Валь-Джихад» радикалды террористік тобының жақтасының заңсыз әрекетін тоқтатты. Күдікті жоғарыда аталған террористік ұйымның мүшесіне аса ірі көлемде ақша аударған, оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 4-бөлігі  («Террористік қызметті ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғалған», — делінген хабарламада.

Алынған материалдар негізінде ФҚҚБ аймақ бойынша тергеушілері Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1-бөлігі («Терроризмді қаржыландыру») бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *