НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде. Әуежайдың электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш құрылғы туралы хабарлама жіберілген. Полиция хабарлама жалған екенін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 9:46-да авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электрон поштасына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ.
Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», — делінген хабарламада.