АЛМАТЫ, 15 тамыз. Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді. Сот ғимараты қоршауға алынған.
«Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Басқа мәлімет жарияланған жоқ.