АСТАНА, 30 қыркүйек.Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы оқу мекемесіне жасалған жанкешті шабуылда алғашқы мәліметтерге қарағанда 19 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Талибан әкімшілігінің Кабул полиция бөлімшесі мәлімдемешісі Халид Задран баспасөзге берген сұхбатында Кабулдың батысында орналасқан Как оқу орталығына бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.
Задран алғашқы мағлұматтарға қарағанда шабуылда 19 адамның қаза тауып, 27 адамның жараланғанын білдірді.
Задран шабуылдың оқу орталығында емтихан қабылдау кезінде жасалғанын атап өтті.
Куәгерлер бұл шабуылды жанкештінің әрекеті деп мәлімдеді. Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім алған жоқ.
Кабулдың батысында салмақты түрде Хазар шиіттері тұрады. Осыған дейін де сол аймақта жасалған ұқсас шабуылдардың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы мойындаған болатын.