Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ярославльде ФҚҚ ғимаратын жарып жіберемін деп сес көрсеткен  ер адам ұсталды

АСТАНА, 07 қазан. ФҚҚ қызметкерлері Ярославль облысындағы Федералдық қауіпсіздік қызметінің ғимаратында жарылыс жасаймын деп қорқытқан ер адамды ұстады. Оның үстінен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін іс қозғалды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«3 қазан күні сағат 15:30 шамасында Ярославль облысы бойынша Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің кезекшісінің телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзінің террорист екенін айтқан. Ол жарылыс жасап, әкімшілік ғимаратына шабуыл жасаймын деп қорқытқан. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қоңырау шалушының жеке басы анықталып, оның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді», — делінген хабарламада.

Оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207-бабының 3-бөлігі бойынша («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») қылмыстық іс қозғалды,  жақын арада шабуылдаушыға айып тағылып, бұлтартпау шарасы таңдалады.

Сондай-ақ ер адам 2021 жылы қару пайдаланып өлтіремін деп қорқытқаны үшін соттылығына байланысты сынақ мерзімі кезінде шектеулер мен тыйымдарды бұзғаны үшін федералды іздеуде болғаны, 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін, 2018 жылы — лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін, ал 2019 жылы — өлтіремін деп қорқытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *