АСТАНА, 21 қазан. Француз Lafarge цемент зауыты ДАИШ террор ұйымына көмектескенін мойындады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Қылмыстық іс қаралған АҚШ-та Әділет министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Lafarge (Лафарж) Нью-Йорктің Бруклин қаласындағы федералды сотта келісімге келді.
«ДАИШ-ке көмектесу» қылмысын мойындаған Lafarge компаниясы 777,78 миллион доллар айыппұл төлейді.
Лафардж жасаған мәлімдемеде «Lafarge және оның еншілес ұйымы «Lafarge Syria» директорларының жеке іс-қимылдарынан туындаған жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл әрекеттер «Lafarge» компаниясының қылмыстық кодексті өрескел бұзу болып табылады. Бұл оқиғаның орын алғанына қатты өкініштіміз» делінді.
Франция Жоғарғы соты 2021 жылдың 7 қыркүйегінде «Lafarge Syria» компаниясының ДАИШ содырларын қаржыландырғаны үшін «адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысы бар» деп айыптауға жол ашты.
18 мамыр күні Париж апелляциялық соты осы айып бойынша француз цемент алыбына қарсы тергеу ашуды қабылдаған болатын.
Түркия телерадио корпорациясының TRT World телеарнасынан 2021 жылы қараша айында жарияланған «The Factory» (Зауыт) атты деректі фильмінде француз мемлекетімен жақын қарым-қатынаста болған «Lafarge» компаниясының бөлшектеуші террор ұйымы PKK мен және ДАИШ-ке 10 миллион доллар төлегенін дәлелдеген.