Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Екі қарағандылықтың көлігінен қару мен есірткі тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ, 22 қазан. Қарағандыда көлік жүргізушісі мен жолаушыдан қару мен есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен тұрақты түрде заңсыз қарумен есірткі заттарының алдын алуға байланысты жедел іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Мәселен, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 21 қазан күні 29 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік ұсталды. Көлікте 28 жастағы жолаушы болған. Жолаушыға жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті орам тәркіленді.

Сондай-ақ көлік жүргізушінің орындығынан Макаров тапаншасы тәркіленіп алынды. Сонымен қоса полицейлер 4 оқ-дәрі тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес қару атуға жарамды, ал оның оқтары атуға жарамды оқ-дәрілер екені белгілі болды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 және 287-баптары бойынша қылмыстық істер тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *