АСТАНА, 11 қараша. ФҚҚ Екатеринбургте билікке қарсы лаңкестік әрекеттің алдын алды, — деп хабарлайды РИА Новости арнайы қызметтің аймақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Екатеринбургтің Кировск ауданында әкімшілік нысанға қарсы лаңкестік әрекет жасамақ болған 47 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды», — делінген хабарламада.
Арнайы операцияны Свердлов облысы бойынша ФҚҚ басқармасы әскери қарсы барлаумен бірлесіп жүргізгені атап өтілді.
Ер адам қамауға алынды. Қазір тәртіп сақшылары қылмысқа сыбайластарын іздестіріп жатыр.