АСТАНА, 13 қараша. Қараша айында Гана төрағалық ететін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Африка құрлығындағы терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылады. БҰҰ Бас хатшысының атынан оның бірінші орынбасары Әмина Мұхаммед Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері алдында баяндама жасады.Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Террористер мен зорлықшыл экстремистер, соның ішінде ДАИШ (ИМ)*, «Әл-Қаида»* және олардың филиалдары тұрақсыздық пен қақтығысты пайдаланып, өздерінің белсенділіктерін арттырып, бүкіл құрлықтағы шабуылдарды күшейтті», — деді Әмина Мұхаммед БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш атынан.
Қауіптің таралуы
Соңғы екі жылда ең агрессивті топтар Малиде, Буркина-Фасода және Нигерде, сондай-ақ Гвинея шығанағы жағалауындағы бірнеше елдерде өздерінің қатысуын арттыра отырып, өз қызметін кеңейтті.
Көптеген террористік топтардың идеологиясының негізінде әйел атаулыны жек көрушілік жатыр, сондықтан олардың негізгі құрбандары — қорқынышты қауіп алдында ең аз қорғалғандар — әйелдер мен қыздар.
Террористер, мемлекеттік емес жасақтар және қылмыстық топтар әртүрлі мақсаттарды көздей алады. Олардың қызметі контрабанда, адам саудасы және басқа да заңсыз әдістер арқылы қаржыландырылады. Кейде олар өздерін заңды қарулы күштер деп көрсетеді.
Олар нәзік әлемді жою үшін қоғамдық шиеленісті, азық-түлік тапшылығын және климаттың өзгеруін пайдаланып, жек көрушілік пен жалған ақпаратты цифрлық технологияларды пайдаланып таратуда.
«Террористік және зорлық-зомбылықшыл экстремистік топтар аймақтағы тұрақсыздықты пайдаланып, адамзаттың қайғы-қасіретін күшейтуде. Олар соғыстан енді ғана қалпына келе жатқан елді қайтадан қақтығыстар тұңғиығына түсіре алады», — деп еске салды БҰҰ-ның жоғары лауазымды шенеунігі.
Терроризмнің жаһандануы
Әмина Мұхаммед қазіргі бір-бірімен байланысқан әлемде лаңкестіктің Африкада таралуы тек бұл мемлекеттерінің проблемасы емес екенін ескертті.
«Бұл қиыншылық бәрімізге ортақ. Халықаралық терроризмге қарсы тұру тиімді көпжақты шараларды қажет етеді», — деді ол.
Климаттық төтенше жағдай, қарулы қақтығыстар, кедейлік пен теңсіздік, киберкеңістіктегі заңсыздық және COVID-19 пандемиясынан біркелкі емес қалпына келтіру терроризмнің таралуына ықпал ететін факторлар болып табылады.
Терроризмді жеңудің бес қадамы
Әмина Мұхаммед терроризммен сәтті күресу үшін атқарылуы тиіс шараларды айтыр, ең бастысы бұл құбылыстың алдын алу керектігін түсіндірді.
«Біз алдымен лаңкестікке әкелетін тұрақсыздық пен қақтығыс проблемаларын, сондай-ақ лаңкестердің өз мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беретін жағдайларды шешуіміз керек», — деді.
Екіншіден, ол гендерлік әлеуметтік өзгерістерді ілгерілетуге шақырды. «Терроризм, патриархат және гендерлік зорлық-зомбылық арасындағы күрделі байланыстарды» атап өтіп, ол терроризмге қарсы саясатты «әйелдер мен қыздардың мағыналы қатысуы және көшбасшылығы арқылы күшейту қажеттігін» айтты.
Үшінші элемент – адам құқықтарын сақтау. Терроризммен күрес адам құқықтарын немесе халықаралық құқықты бұзуға сылтау болмауы керек, өйткені бұл «бізді кері қайтарады» деп ссанайды БҰҰ басшылары.
Әмина Мұхаммед сонымен қатар жергілікті жағдайда лаңкестік және зорлық-зомбылықшыл экстремистік топтар төндіретін мәселелерді шеше алатын аймақтық ұйымдардың рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Соңында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары терроризмнің алдын алу және онымен күресу шараларын «тұрақты және болжамды қаржыландыруға» шақырды.
«Қауіптің ауқымы оның алғышарттарымен күресу үшін айтарлықтай инвестицияны қажет етеді: экономикалық проблемалардан ұйымдасқан қылмыс пен басқарудағы проблемаларға дейін», — деді ол Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне.
Африкадағы терроризммен күрес бойынша саммиті
Дүниежүзілік ұйым басшысының орынбасары 2023 жылдың қазан айында Африкада лаңкестікке қарсы саммит өткізу туралы шешімді құптап, қазіргі талқылау осы отырыстың сәтті өтуіне негіз болатынына сенім білдірді.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым