Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Канаданың Квебек қаласының колледждерінің бірінде атыс болды

АСТАНА, 13 қараша. Канаданың Квебек штатындағы колледжде атыс болып, үш адам зардап шекті, деп CBC радиостанциясы хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Оқиға жұма күні кешке Лаваль ауданындағы 7 мыңға жуық адам оқитын колледжде орын алды. Телеарнаның хабарлауынша, бұл адамдардың алған жарақаттары өмірге қауіп төндірмейді. Кімнің жарақат алғаны әзірге хабарланған жоқ.

Оқиғадан кейін колледж ғимаратынан ешкімді шығармайды да,  кіргізбейді де. Соңғы мәліметтерге сәйкес, полиция ғимаратты тінтуді жалғастыруда. Болжам бойынша, атысқа қатысы болуы мүмкін бір немесе бірнеше адам сонда жасырынып қалуы мүмкін.

Белгілі болғандай, атыс колледж ішінде болды деген алғашқы ақпарат расталмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *