ӨСКЕМЕН, 16 қараша. Осы жылғы 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебін жару қаупі бары жөнінде хат келіп түсті. Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмады, деп хабарлайды Polisia.kz
Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған. Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.