Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы мектептерінен «бомба» табылған жоқ

АЛМАТЫ, 25 қараша. Алматыда «бомба қойылған» білім мекемелерінен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматы қаласындағы №87 және 66 мектеп ғимараттарын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ.

Бұған дейін мегаполисте аталған екі мектепте «бомба» қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Білім мекемелерінде алғашқы ден қою аясында қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі тексеру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 23 қараша күні Талғар қаласында №3 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан 1100 адам эвакуацияланған еді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *