Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҚО тұрғындарына қарсы араздықты қоздыру туралы қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ, 01 желтоқсан. Батыс Қазақстан облысында «Оралды Ресейге беру керек» деп мәлімдеген тұрғындарға қатысты «Араздықты қоздыру» бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде таралып, Қазақстан жұртшылығының наразылығын туындатқан бейнежазбада үш тұрғын – ересек ер адам мен біреуі кәмелет жасына толмаған екі жас жігіттің шетелдік ер адаммен сөйлесіп жатқан сәті түскен. Онда «шетелдік» Украинадағы соғыс тақырыбын бастағанда, қазақстандық сұхбаттасушылар белсенді түрде қолдайтын сепаратистік мәлімдемелерге көшеді. Олар сөз арасында бірінші болып «Орал қаласы мен Чапаево кентін Ресей тартып алуы керек» деп мәлімдеп қана қоймай, «қолдарына автомат беруді» және «өздерін қолдайтындардың көп екенін» айтады.

Бейнежазбадағы «батырларды» ҚР ҰҚК мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері көп ұзамай-ақ қолға түсірді. Ұсталған азаматтар кешірім сұрап, тіпті өздерінің «олай айтқысы келмегенін», тек «арандатушылыққа бой алдырып қалғанын», жалпы алғанда өздерін «қазақстандықпыз деп санайтындарын» айтқан.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігімен «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулық, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу мүддесіне қатысты басқа деректер жарияланбайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *