Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда іздеуде жүрген террорист залалсыздандырды

АСТАНА, 02 желтоқсан.Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы KЖП /YPG-нің Тель-Тамир уәлаяты жауаптысы Кемал Пир Ұлттық барлау ұйымының (ҰБҰ) операциясымен залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Зымырандар бойынша маман екені және диверсиялық жоспарлар жасауда белсенді рөл ойнағаны білдірілген террористтің «Бейбітшілік бұлағы» аймағына бағытталған шабуылдарда маңызды рөл атқарғаны анықталды.

Өзіне қарасты топтармен бірге диверсиялық әрекеттерге қатысқан лаңкесті ҰБҰ нысана тізіміне енгізген болатын.

ҰБҰ Сириядағы операциямен террористті залалсыздандырды.

Басқа жақтан Шырнак Қалалық жандармерия қолбасшылығы ұйымдастырған операцияда KЖП/YPG террор ұйымы мүшесі, «Canfeda Алман» лақапты Азад Өнгүч елге кіру үшін жасырынған жүк көлігінің тіркемесінде ұсталды.

Террористтің 2018 жылы 30 наурыз күні Сииртте жол құрылысы жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатты тағайындалған қауіпсіздік күштеріне жасалған және 1 жандармерия қызметкері мен 6 қарауыл шейіт болған, 12 қызметкер жарақат алған қарулы шабуылдан бастап көптеген лаңкестік оқиғаға қатысқаны анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *