Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулдағы мешітке екі жанкешті шабуыл жасады

АСТАНА, 03 желтоқсан. Кабулдағы мешітте жарылыс болып, кем дегенде үш адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы жергілікті телеарнаға сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлады.

Кабулдың Алтыншы полиция ауданындағы мешітке екі жанкешті шабуыл жасағаны атап өтілді. Салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде лаңкестер бар, тағы екеуі жараланды.

Шабуыл болған жер Ауғанстан Ислам партиясының штаб-пәтеріне жақын орналасқан. Жарылыс кезінде оның жетекшісі, Ауғанстанның бұрынғы премьер-министрі Гүлбеддин Хекматияр мешітте болған, бірақ зардап шеккен жоқ.

Әзірге шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *